Қазіргі таңда қазақстандық туристердің ТМС (Туристі міндетті сақтандыру) міндетті полиссіз демалысын елестету қиын. Аталмыш сақтандыру аясында шұғыл жағдай кезінде медициналық көмекке жүгіне аласыз.
Егерде турист жан-жақты қорғауды қажет етсе, немесе спорт жарысына қатысатын болса, оған медициналық сақтандыру полисі қажет. Оның бағасы таңдалған нұсқа, баратын мемлекеттің шекарасы мен сапардың ұзақтығына байланысты болады. Сондай-ақ, бұл ақшаға медициналық ассистанс қызметі де кіреді.
Ассистанс - қабылдаушы елдің туристерге медицина көмегін көрсету және ұйымдастыру қызметі.
2019 жылы шамамен 35 мың туристіміз Ассистансқа (яғни медициналық көмек көрсетілді) жүгінді. «Номад Иншуранс» СК мамандарының мәліметтері бойынша, сақтандыру жағдайы көбінесе Египет, Түркия және Таиланд елдерінде тіркелді. Балаларды сақтандыру жағдайы ересектермен салыстарғанда бес есе көп кездесті.
Шетелге сапар шеккен көптеген азаматтарымыз сақтандыру жағдайы болған кезде қайда барарын білмей, «пысық» дәрігерлердің құрбанына айналады. Олар өз кезегінде қажетсіз медициналық процедуралар мен сынақтар тағайындайды.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін медициналық қызмет полисіндегі ассистанс қызметінің нөміріне байланысу қажет. Сақтанушының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, медициналық қызметке өз ақшаңызды бергіңіз келмесе, мамандар медициналық көмекті ұйымдастыру үшін ассистанс-қызметіне хабарласуға кеңес береді.
Қазақстан нарығында туристерді сақтандыруда бұрыннан көш бастап тұрған компания «Номад Иншуранс». Аталмыш сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың айтуынша, «Номад Иншуранс» танымал Ассистанс Компанияларымен қызмет етеді.
«Әлем бойынша осындай бес ұйым біздің клиенттеріміздің мүдделеріне өкілдік етеді. Біз әрдайым ассистанс-қызметін көрсетудегі әлемдік рейтингтерін бақылап, тек ең жақсыларымен жұмыс істейміз», - деді Дәурен Иманжанов.
Өз клиенттерінің ыңғайлылығы мен қорғанысы үшін сақтандыру компаниясы серіктес Ассистанс-компаниясын мұқият таңдау керек. Олардың негізгі қызметі - сақтанушыларға медициналық көмекті ұйымдастыру және үйлестіру. Яғни олар сақтандыру компаниясы мен шетелдік медициналық мекемелерін байланыстырады.
© 2026 EmpireMedia