«МҰРАГЕРЛЕРГЕ» ҚАТЫСТЫ АЛДАУ
Алаяқтық схемасында ең жиі кездесетіні - мұрагерлер арасындағы келісімге күмән келтіру. Бұл тұрғын үйді жекешелендіру тізіміне енбеген балалар болуы мүмкін. Сондай-ақ, кезінде меншік құқығы бұзылған адамдар болуы ықтимал.
ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТӨЛНҰСҚАЛАРЫ
Пәтерді сатып алу мен сатуда пәтер құжаттарының төлнұсқасы пайдаланылады. Яғни бұл жағдайда пәтерді бірнеше сатып алушыларға сатуы мүмкін. Заңға сәйкес, келісімге бірінші болып қол қойған кісі пәтердің иесі болып саналады. Егер алданып қалсаңыз, ақшаны қайтару немесе баспаналы болуыңыз екіталай.
ҮЙДІ АУЫСТЫРЫП ЖІБЕРУ
Сатып алушыға басқа үй көрсетіліп, нәтижесінде ол сол үйді сатып алуға мәжбүр болады. Арам сатушылар тіпті үйдің нөмерін және көшесінің атын өзгертуі мүмкін.
ТІРКЕЛМЕГЕН ТҰРҒЫНДАР
Сіздің үйіңіздің құқыңызбен бұрын бұл үйде тіркелген, кейін белгісіз себептерге байланысты тіркеуден алынған тұрғын келіспеуі мүмкін.
Қазіргі таңда алаяқтардан қорғанудың көп түрлерлі бар. Егер сіз банкте кепілде тұрған үйді алсаңыз, алдауға түспейсіз. Себебі банк барлық тексерісті өткізіп, кепілге қойылған мүліктің иесіне несие берді. «Титулдық» сақтандыру арқылы қаржылық шығындардан құтылуға болады.
Негізгі бет немесе титулды сөзі көбіне жақсы таныс. Яғни, басылымның басты бетінде жобаның аты мен оның авторы жазылады.
Алғашқы кітаптар басылымға негізгі бетсіз шыққан. Кітаптың аты мен оның авторы туралы ақпарат алғашқы бетте белгіленген. 1463-ші жылы Гутенбергтің шәкірті тұңғыш болып титулды бетті басылымға шығарды.
Қазірде бұл сөздің басқа мағынасы бар және ол сақтандырудың бір түрі екенін білдіңіз бе?