Бүгінгі күні алаяқтардан сақтанудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Көпшіліктің банкте кепілде тұрған мүлікті алғысы жоқ. Бірақ, дәл осындай үйдің құжаттарына сенім бар. Себебі, банк сізге қажетті тексерістерді әлде қашан жүзеге асырған-ды. Бұл - сіздің алдану мүмкіндігіңізді жоққа шығарады.
Алаяқтардан қорғанудың тағы бір әдісі - титулдық сақтандыру
«Титулдық/негізгі бет» немесе «титулка» сөздері баршаға таныс. Бұл баспасөз басылымындағы автордың аты-жөні мен жобаның аты жазылатын басты беті.
Алғашқы баспа кітаптарында негізгі бет, яғни осы титулка мүлдем болмаған деседі. Автор туралы ақпарат пен шығарманың аты бірінші бетте жазылғанымен, негізгі мәтіннен жекешеленбейтіні баяндалады. Тарихтағы алғашқы негізгі бетті Гутенбергтің оқушысы 1463 жылы басып шығарған екен.
Бүгінгі таңда «титулка» сөзінің мағынасы толығып, сақтандыру түріне айналғаны көпшілікке беймәлім.
Титулдық сақтандыру кімді және неден қорғай алады?
Қазақстанның сақтандыру нарығы сақтанушыларды түрлі алаяқтықтан қорғайтын жаңа өнімдермен күн сайын толығып келеді. Титулдық сақтандыру осындай қорғану амалдарының бір ғана мысалы. Кез-келген мүлік түрін сатып алу кезінде қаржыдан айырылып қалу қауіпін мейлінше азайтуға негіз болады.
Сақьтандырудың осы түріне жүгінсеңіз, тұрғын үйді сатып алу барысында алаяқтың құрбанына айналсаңыз, сізге келген зақымды сақтандыру команиясы көтереді.
Әрине, әркім өз тәуекелінің мөлшері мен салдарын жетік түсінуі керек. Дегенмен, армандаған үйіңізді алуда тәуекелге бару- ақымақтың ісі ме, жоқ па, өзіңіз шешесіз.
Қоғамда сақтандыру қызметінің құны қолжетімсіз деген жалған пікір бар. Әдетте бұл ақпаратты сақтандырумен еш кезікпен, тәжірибесі жоқтар таратады - дейді мамандар.
Сонымен, алаяқтардан сақтанудың құны қанша?
«Номад Иншуранс» СК» мәліметі бойынша, бұл сақтандыру түрі ерікті болып табылады және құны сақтандыру сомасының 0,3% -нан басталады. Мысалы, сіз армандаған пәтер 20 млн теңге тұрса, сақтанушының (сатып алушының) титулдық сақтандыруы - 60 000 теңгені құрайды.
«Номад Иншуранс» СК» қазақстандықтарды тұрғын үй сатып алуда аса сақ болуға және қаржыларыңызбен тәуекел етпеуге шақырады.