«Номад Иншуранс» СК сарапшыларының пікірінше, посткеңестік кеңістіктегі елдерде сақтандыру ешқашан адамның басты қажеттілігі болған емес. Бұл жайт халықтың қаржылық және сақтандыру мәдениетіне теріс әсер ететіні анық.
Financial Fountains негізін қалаушы және CNBC сандық қаржылық кеңесшілер Кеңесінің мүшесі Лазетта Рейни Брэкстонның айтуынша, қаржылық проблемалар адамның психикалық және физикалық күйзелісіне әкелуі мүмкін. Яғни, стресс тудыруы мүмкін. Өз қаржыңыз бен денсаулығыңызды сақтау үшін ақшаны дұрыс қолданып, сақтау қажет.
CNBC Invest Invest мамандары халықтың қаржылық жағдайын жақсарту үшін қандай қадамдар жасау керек екенін айтты. Олардың айтуынша, ақшаны үнемдеу қорын құру арқылы өз бюджетін дұрыс пайдалана білу өте маңызды. Былайша айтқанда, «ауыр күндерге» ақша сақтап қалу қажет.
Зейнетақы депозиті де тұрақты болашақтың бірде-бір кепілі. Сондай-ақ, баспана сатып алу, білім алу және денсаулықты сақтау – басты инвестициялардың бірі.
Өз болашағыңды жоспарлауда сақтандыруға ерекше мән бөлген жөн. Себебі сақтандыру - өмірдегі күтпеген, қиын сәттердің қауіпсіздігі.
Қаржылық «сауықтыру» әдістемесін жасаушылар мынадай кеңестер береді:
· Өз бюджетіңізді реттеңіз.
Бұл дегеніміз жұмсаған қаржы мен тапқан табысыңды бақылау. Осылайша, қай кезде қаржыны қысқартуға болатынын аңғара аласыз. PNC Financial Services жүргізген сауалнамаға сәйкес, 36-дан 60 жасқа дейінгі адамдардың үштен біреуінде «ауыр күндерге» сақтап қойған ақшалары жоқ. Бұл зерттеу АҚШ елінде жүргізілді. Біздің елімізде де ақшаны үнемдей алады. Себебі, кез-келген күтпеген жағдайда бюджетіңіз азайып, қарызға батуыңыз мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайдан аулақ болу үшін ақшаны үнемдеу өте маңызды.
· Төтенше жағдай кезіндегі қаражат мөлшеріңіз қанша болуы тиіс?
Сарапшылардың айтуынша, егер сіз үйленбеген және балаңыз болмаса, онда үш айда жұмсайтын қаржыңызға тең жиналған сома жеткілікті болады. Кері жағдайда, сіз кем дегенде алты айлық шығынды үнемдеуіңіз керек. Бұдан қорықпаңыз. Аздан да бастауға болады.
· Зейнетке дейін ақша жинаңыз.
Зерттеулер көрсеткендей, егер сіз 20 жастан бастап ақша жинай бастасаңыз, онда сіздің біржылдық жалақыңыздың 10-15% зейнетақы жарнасына кетеді. Егер сіз 45 жастан асқан кезде бастасаңыз, онда жалақыңыздың 35% -ы зейнетақы жарнасына кетеді.
· Өз денсаулығына ақша аямаңыз.
Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде. Оның қаншалықты тиімді-тиімсіз екенін айту әлі ерте. Бірақ басқа да таңдаулар бар. Мәселен, ерікті медициналық сақтандыруды сатып алсаңыз болады. Себебі ауруханаға бір барудың өзіне көп қаражат жұмсалуы мүмкін.
Бүгінде сақтандырудың көптеген түрлері бар. Бала жоспарлаудан бастап, өмір бойы сақтандыру қызметін пайдалана аласыз. Адам кез-келген тәуекелден сақтана алады: қаржылық, физикалық, мүліктік, тіпті келісімшарт жасасу кезіндегі тәуекелдерден сақтануға болады.
Көптеген ұлы тұлғалар айтпақшы, сақтандыру – бақытты және тұрақты өмірдің кілті.