Қазақстанның сақтандыру нарығы күн сайын клиенттер үшін ыңғайлы болуда. Жақында міндетті сақтандыру полисі үшін жылдам төлемдер жүйесі енгізілді. Бұл артықшылықты қай жағдайда және кімдер қолдана алады?
Біріншіден, бұл - жол-көлік апаттарынан зардап шеккендерге арналған артықшылықтар. Сақтандыру компаниялары ПД қызметкерлерінің жазбасына сүйене отырып сақтандыру талаптарын орындай алады. Яғни, бұл қадам төлем мерзімін қысқартады. Сот шешімін күту қажет емес болған жағдайда, төлем мерзімі көбінде үш күннен аспайды.
Жылдам төлем қай жағдайда беріледі?
1. Қос тарап ПД қызметкерінің жол-көлік оқиғасына қатысты шешімімен келіссе
2. Жол-көлік оқиғасында ешкім ауыр жарақат алмаса
3. Алаяқтық болмаған жағдайда
Жол полициясы қызметкерінің протоколы - жәбірленушеге төлем тағайындайтын ең негізгі құжат. Төлемге ие болу үшін, алдымен барлық қажетті құжаттарды өткізу керек. Бұл жаңашылдық 2018 жылы 2 шілде күні заңнамаға енгізілді, есесіне сақтандыру компаниялары бұл бағытта тек енді ғана жұмыс істей бастады. Қазірдің өзінде тұрғындар арасында оң пікірлер көп.
Қанат, 3 күнде алған төлем сомасы - 1 179 386 тг
- ЖКО-дан кейін барлық құжаттарды тапсырдым. Сот шешімі аяқталмай тұрып, бізге 3 күнде сақтандыру сомасын төледі. Бұған дейін басқа компаниялармен жұмыс істедік, бірақ ол кезде ұзаққа созылатын сот шешімін күтуге мәжбүр болатынбыз, содан соң ғана төлем берілетін. Нәтижесінде сақтандыру мәселесін толық шешу үшін кемінде екі ай уақыт кететін.
Амангелді, 3 күнде алған төлем сомасы - 205 000 тг
- Жол-көлік оқиғасы Боралдайда болды. Кінәлі жігітте Номад Иншуранс полисі бар еді. Сақтандыру сомасын бірден төлегені мені таң қалдырды. Мен екі-үш айға созыла ма деп ойладым. Бірақ жылдам төлем бағдарламасы арқылы бар мәселені үш күнде бітірді.