Сондай-ақ компания 2020 жылдың наурыз айының соңында 1,3 млрд. теңгеге медициналық бұйымдар мен жабдықтар сатып алып, ауруханаларға тапсырды. Яғни аталмыш қаражатқа медициналық қызметкерлерге арналған бір реттік қорғаныс костюмдер, маскалар, респираторлар, реанимация және тыныс алу құралдары, реанимобиль және екі жедел жәрдем машинасы, жылу өлшеуіштер, дезинфекциялық құралдар мен биологиялық материалдарды тасымалдауға арналған контейнерлер сатып алынды.
Атыраудағы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне (SES) бір термоскан және сегіз пирометр табыс етілді. Анықтама үшін: жылу сканерлері, пирометрлер де температураны лезде өлшеу үшін қолданылады, бірақ жылу сканерлері бірден бірнеше адамға жұмыс істей алады, сондықтан олар адамдар көп жиналатын жерде пайдаланылады, ал пирометрлердің әрекеті бір адамға ғана бағытталған.
2020 жылдың сәуір айының басында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қауіпсіз жұмыс жасау үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Атап айтқанда, қорғаныс құралдары (медициналық маскалар және қолғаптар), пирометрлер мен антисептиктер.
Сонымен қатар ТШО компаниясы Атырау облысы Жылыой ауданының әкімдігіне антисептиктер, көшені тазалауға арналған бактерияға қарсы ерітінділер, терінің дезинфекциясы үшін арналған 5 термоплазма, 10 мың медициналық маска, көзілдіріктер, бір рет пайдалануға арналған халаттар мен қолғаптар жеткізілді.