Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі алғаш рет студенттерге есігін 2013 жылдың қыркүйегінде ашты. Кембридж Университеті және Пенсильвания Университеті – Жоғары білім мектебінің серіктестері. Мектептің мақсаты – магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша мамандар мен басшыларды даярлау және білім беру саласында жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру секторын одан әрі дамытуға жәрдемдесу. Мұнда мектеп, жоғары, көптілді және инклюзивті білім берудің түрлі аспектілері бойынша сарапшылар жұмыс істейді. Халықаралық пәнаралық команда Назарбаев Университетінің басқа мектептерінің ғалымдарымен, Dara Foundation («Дара» қоры), ЮНИСЕФ және т. б. сияқты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасады.
«Шеврон» корпорациясы – әлемнің интеграцияланған энергетикалық компанияларының бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлауды, өндіруді және тасымалдауды; көліктік отын мен жағармай материалдарын қайта өңдеуді, өткізуді және бөлуді, мұнай-химиялық өнімдер мен қоспаларды өндіруді және сатуды жүзеге асырамыз; сондай-ақ технологияларды дамытамыз және қолданамыз.
«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің ірі екі кен орны – Теңіз және Қарашығанақтағы акциялар пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыр желісі консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атыраудағы полиэтилен құбырлары зауытының қызметін табысты басқарады.
«Дара» қоры – ерекше білім алуға мұқтаж балалардың және Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын жеке қайырымдылық қоры.