7-ші қыркүйек, 2020 жыл — Атырауда Jaspace қоғамдық креативті - шығармашылық кеңістігін ашу аясында "Креативті экономика - контексттен тыс табыс" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. COVID-19 байланысты шектеулерге байланысты ресми ашылу AYDI (Atyrau Youth Development Initiative – Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы) YouTube арнасында онлайн форматында өтті. Жобаның бастамашысы және басты серіктесі "Шеврон" компаниясы болды.
Спикерлер ретінде The Village Қазақстан және Masa Media жобаларының негізін қалаушы Айсана Әшім, кәсіпкер және бизнес жаттықтырушы Ғани Абадан, PR-маманы, подкастер және блогер Марина Шарипова және "I-SEED" атты әлеуметтік кәсіпкерлік жобасының менторы Күнжамиля Сахайн қатысты. Олар креативті экономиканың жай-күйі мен даму перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті
Қазақстанда креативті экономика әлі де болса даму сатысында, алайда үлкен әлеуетке ие. Отандық жас музыканттар, IT-мамандары, креативті экономика өкілдері сұранысқа ие және халықаралық деңгейде танымал. ЮНЕСКО-ның есебіне сәйкес, бұл сала жыл сайын әлемдік ЖІӨ-ге 3% (2 250 миллиард доллар) үлес қосады және 29,5 миллион жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Креативті экономика адами ресурстар мен таланттарға, инновацияларға және стандарттан тыс тәсілдерге негізделген. Мұнда бизнес адамның қарым-қатынастарына және шығармашылыққа негізделген идея. Ал стандартты экономика болса, өндіріс пен өнеркәсіпке тәуелді.